Accessibility links

Иран билігі "аятолла Хаменеи ауыр халде жатыр" деген ақпаратты терістеді


Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи.
Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи.

Иран билігі елдің рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи ауыр халде жатыр деген ақпаратты терістеді. Осыған дейін интернетте 81 жастағы дінбасының денсаулығы күрт нашарлағаны жайлы сыбыс тараған еді.

"Алланың мейірімі мен оған құлшылық еткен адал адамдардың дұғасының арқасында аятолла Хаменеидің денсаулығы жақсы және жоспарға сай күнделікті шаруаларымен айналысып жатыр" деп жазды 7 желтоқсанда Хаменеи кеңсесінің өкілі Мехди Фазаили Twitter-де.

Осыған дейін бірқатар шетел басылымдары Хаменеи мен Иран президенті Хасан Роухани арасындағы кездесудің кейінге шегерілгенін, ал рухани көсемнің міндеті оның 51 жастағы ұлы Моджтаба Хаменеиге жүктелгенін хабарлаған.

Аятолла Хаменеи соңғы рет халық алдында 24 қарашада көрінген. Twitter аккаунты да соңғы рет сол күні жаңарған.

Иранды 1989 жылдан бері басқарып келе жатқан, мемлекеттің маңызды саяси мәселелері бойынша түпкілікті шешім шығаратын аятолла Хаменеи бірнеше жыл бұрын қуықасты безі рагына шалдығып, операцияны бастан кешірген.

Мемлекеттік IRNA агенттігі 7 желтоқсанда "расталмаған сыбыстың кесірінен" Тегеранның биржа индексінің құлдилауын айыптады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG