Accessibility links

Зерттеу: Пандемия кезінде атмосфераға тарайтын зиянды заттар 7 пайыз азайған


Мәскеудегі жылу электр станциясы. Көрнекі сурет.
Мәскеудегі жылу электр станциясы. Көрнекі сурет.

Биыл әлем елдері коронавирусқа байланысты карантин жариялап, шектеу шараларын күшейткеннен кейін атмосфераға тарайтын зиянды заттар былтырмен салыстырғанда 7 пайыз азайған. Ғаламдық көміртек жобасының (Global Carbon Project) 11 желтоқсанда жарияланған зерттеуінде осындай мәлімет айтылады.

Зерттеу жүргізген халықаралық ғалымдардың есебінше, биыл ауаға 34 миллиард тонна көмірқышқыл газы тараған. АҚШ-та атмосфераға бөлінетін зиянды заттар көлемі - 12 пайызға, Еуроодақта 11 пайызға азайған. Ал індеттің алғашқы толқынынан кейін қатаң локдаун арқылы вирусты тежеп, көктемде кәсіпорындар мен жұмыс орындарын қайта ашуға мүмкіндік алған Қытайда көмірқышқыл газы 1,7 пайызға азайған.

Ғалымдардың айтуынша, биыл адамдардың көбі үйден шықпай, көлік пен ұшаққа сирек отырғандықтан ауаға зиянды заттар да аз тараған. Дегенмен ғалымдар коронавирус індеті басталмай тұрып та алдыңғы жылдары көмірқышқыл газының баяу артқанын байқаған. Экологтар індеттен кейін көмірқышқыл газы қайта көбейеді деп болжайды. Бірақ ғалымдар АҚШ пен Еуропа экономикасын табиғи энергия көздерінің көмегімен қалпына келтіріп, зиянды заттарды азайтатын шығар деп үміттенеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG