Accessibility links

Халықаралық ұйымдар Өзбекстанды гейлерді қудалайтын бапты жоюға үндеді


Өзбекстандық ЛГБТ қауымының өкілі Қылмыстық кодекстегі 120-бапты ("Гомосексуализм") жоюды талап ететіні туралы жазу ұстап тұр.
Өзбекстандық ЛГБТ қауымының өкілі Қылмыстық кодекстегі 120-бапты ("Гомосексуализм") жоюды талап ететіні туралы жазу ұстап тұр.

Бірнеше халықаралық ұйым Өзбекстан үкіметін ұлттық заңнамадағы гомосексуализм үшін жазалайтын бапты жоюға және гейлерді қудалауды доғаруға үндеді деп хабарлайды Азаттықтың Өзбек қызметі – Озодлик радиосы. Өзбекстан Қылмыстық кодексінде өзара жыныстық қарым-қатынасқа түскен ер адамдарды үш жыл мерзімге дейін бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Amnesty International, Freedom House, "Орталық Азиядағы адам құқықтары" ассоциациясы мен өзге де ұйымдар қол қойған петицияда 2020 жылғы қаңтар мен мамыр айларында БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитеті мен БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитеті Өзбекстанға гомосексуализм үшін жазалайтын бапты заңнан жоюды ұсынғаны айтылған.

"Қазір Өзбекстанда жаңа Қылмыстық кодекс әзірленіп жатыр. Билік адам құқығы ахуалын жақсарту үшін бұл мүмкіндікті пайдалануы керек" деп жазылған үндеуде.

Өзбекстан билігі ер адамдардың өзара жыныстық қарым-қатынасқа түсуі ислам дініне, елдің дәстүрлі құндылықтары мен мәдени нормаларына қайшы келетінін, әлгі бапты заңнан алып тастауға қоғамның әлі дайын емесін бірнеше рет мәлімдеген. Құқық қорғаушылар халқының басым бөлігі ислам дінін ұстанатын Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан мен Түркияның заңдарында гейлерді қудалайтын баптың жоқ екенін айтады.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG