Accessibility links

Халықаралық сот Украинадағы жағдайды зерттеуді аяқтады


Гаагадағы Халықаралық сот ғимараты.
Гаагадағы Халықаралық сот ғимараты.

Гаагадағы халықаралық соттың прокуроры Фату Бенсуда 12 желтоқсанда Украинадағы ахуалды алдын ала зерттеу аяқталғанын мәлімдеді.

Бұл зерттеу туралы бастама Украина үкіметінің сот заңдылығын тану туралы бастапы арнайы мәлімдемесі бойынша 2014 жылғы 24 сәуірде көтерілген. Украина билігі 2015 жылы берген екінші өтінішінде 2014 жылғы 20 ақпаннан кейін Украина жерінде жасалған болуы ықтимал қылмысты зерттеуді сұраған.

12 желтоқсанда Халықаралық қылмыстық соттың прокуроры өз кеңсесіне алдын ала зерттеу барысында Украина билік органдары дерек-мәліметтер бергенін мәлімдеді. Мысалы, Гаагадағы сот халықаралық сот қарауына жататын қылмыстарға қатысты Украинада өткен сот және тергеу істері туралы егжей-тегжейлі ақпарат алған.

Прокуратура кеңсесі ол істердің арасында өндіріске қабылдануы мүмкін істер бар деген қорытындыға келген. Прокурор Фату Бенсуда былай деп мәлімдеді:

"Біз өз мандатымыз аясында жаңадан тәуелсіз және бейтарап тергеу жүргізуді көздей отырып, сот әділеттігін барынша қалай қамтамасыз етуге болатынын анықтау үшін Украина үкіметі және Ресей үкіметімен конструктивті өзара әрекет жасап, ынтымақтастықта жұмыс істейміз деп үміттенем».

Халықаралық қылмыстық сот (ХҚС) — тұрақты жұмыс істейтін алғашқы халықаралық қылмыстық әділет органы. Оның құзырына геноцид, әскери қылмыстар, адамзатқа қарсы қылмыс, сонымен бірге әскери агрессия жасағандардың ісін қарау жатады. ХҚС 1998 жылы қабылданған Рим статуына сай құрылған.

ХҚС жұмысына ресми түрде 2002 жылғы 1 шілдеде кіріскен. Бұл сот Гаага қаласында орналасқан. Соттың тілегі бойынша, сот отырысы кез-келген басқа жерде өте алады.

Гаагадағы БҰҰ-ның халықаралық сотына қарағанда ХҚС-ның құзыреті өзгеше. ХҚС БҰҰ-ның ресми құрылымына кірмейді, бірақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысы бойынша істерді қозғай алады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG