Accessibility links

Балкан тұрғындары Covid-19 инфекциясына қарсы вакцина салдырудан қорқады


Белград көшесіндегі адамдар. Сербия, 22 қараша 2020 жыл.
Белград көшесіндегі адамдар. Сербия, 22 қараша 2020 жыл.

Балкан тауының батысындағы елдерде тұратын халықтың 75 пайыздан астамы Covid-19 коронавирусы жайлы қастандық теориясына көбірек сенеді. Сербия мұндай пікірге қосы туралы түрлі алыпқашпа сөздерді алға тартып, вирусқа қарсы вакцияна салдыруды қаламайды. Бұл туралы "Еуропадағы Балкан" сарапшылар тобы мен Балканға арнаған Еуропа қоры жүргізген сауалнама қорытындысына сүйеніп сербиялық РТС телерадиоарнасы хабарлады.

Сауалнама қорытындысы бойынша, әсіресе Албания тұрғындары қастандық теориясы туралы түрлі долбарға көбірек сенеді. Сербия мұндай пікірге қосылатындардың саны 40 пайыздан 70 пайызға дейін жетеді. Және де олардың аз не көп болуына әңгіменің қастандық теориясының қандай нұсқасына байланысты екені де әсер етеді.

Ұйымдастырушылар сауалнамаға жауап бергендерден коронавирусқа байланысты қандай долбар ең көп тарағанын анықтап көрмек болып, сұрақ қойды. Ондай долбарлардың арасында "коронавирус – биологиялық қару түрі" немесе "мұны фармацептика өндірісі ойлап тапқан" деген тәрізді түрлі болжам кездеседі.

Зерттеу авторларының мәліметінше, Еуропа мен Солтүстік Американың өзге елдерінде жүргізілген осындай сауалнамалар қорытындысы халықтың шамамен ширек бөлігі Covid-19 коронавирусы туралы түрлі қастандық теориясына нанатынын көрсеткен. Ал Балкан елдерінде бұл көрсеткіш екі-үш есе көп. Және де олардың арасында қала тұрғындары да, ауылды жерде тұратындар да бар.

Бұған қоса сауалнама барысында Балканның батысындағы елдердің халқының басым бөлігі коронавирусқа қарсы вакцина салдыруды құптамайтыны анықталған. Тек 39 пайығы ғана вакцина салдыруға келісетінін айтқан. Бұл Еуропаның өзге аймақтарымен салыстырғанда әлдеқайда төмен көрсеткіш. Сербияда сауалнамаға қатысушылардың тең жартысы вакцина салдыруға қарсы болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG