Accessibility links

АҚШ С-400 зымыран кешенін сатып алғаны үшін Түркияға санкция салды


Ресейдегі полигонға орналастырылған С-400 зымыран кешені. 22 қыркүйек, 2020 жыл.
Ресейдегі полигонға орналастырылған С-400 зымыран кешені. 22 қыркүйек, 2020 жыл.

АҚШ Түркияның қорғаныс саласы басшыларына санкция салды. Reuters агенттігінің жазуынша, Вашингтон Ресейден С-400 зениттік-зымыран кешенін сатып алған Анкараны осылай жазалағысы келеді.

Сарапшылар АҚШ санкциясы Түркия экономикасына айтарлықтай зиян келтіреді деп болжайды. Reuters-тің жазуынша, қазірдің өзінде коронавирус індеті түрік экономикасының дамуын баяулатқан.

Былтыр АҚШ өкілдері Түркияның С-400 кешенін сатып алуы F-35 ұшақтарын құрастыру бағдарламасына қауіп төндіреді деп мәлімдеген.

Түркия дүйсенбі күні санкцияны айыптап, "жауап беретінін" мәлімдеді. Анкара санкция НАТО әріптестерімен қарым-қатынасқа көлеңкесін түсіреді деді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG