Accessibility links

Бельгия шенеунігі Covid вакцинасының бағасын абайсызда жариялап қойды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бельгияда шенеунік үкіметтің Covid ауруына қарсы вакцинаны қандай бағаға сатып алғаны жөніндегі құпия ақпаратты абайсызда жария етті.

Бельгиялық HLN ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Бюджет және тұтынушыларға қызмет көрсету жөніндегі статс-хатшы Ева де Блеекар Twitter-аккаунтында Бельгия үкіметі сатып алып отырған вакцинаның бағасы және сомасы көрсетілген твит жариялады.

Жазбаға қарағанда, Бельгия вакцинаның 33 миллион дозасын сатып алмақ және ол үшін 280 миллион евро төлемек. Твитпен бірге жарияланған кестеде AstraZeneca вакцинасының бір дозасы 1 евро 78 тиын екені көрінеді. Бұл – әзірге ұсынылып отырған вакциналардың ішіндегі ең арзаны. Ең қымбаты – Moderna компаниясының вакцинасы. Оның бір дозасы 18 доллар тұрады.

Еурокомиссия вакцина өндірушілерімен жасасқан келісімшартқа сілтеп, вакцина бағасын құпия ұстап отыр, сол себепті Twitter-дегі жазба дереу өшірілді. Алайда жария болып үлгерген дерекке көпшілік назар аударып үлгерді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG