Accessibility links

Рим папасы елдерді Covid вакцинасын бөлісуге шақырды


Рим папасы Францисктің рождестволық үндеуі.
Рим папасы Францисктің рождестволық үндеуі.

Рим папасы Франциск Рождество мерекесі кезінде "Қалаға және әлемге" (Urbi et Orbi) дейтін дәстүрлі үндеуін жолдап, Covid вакцинасын бәріне бірдей қолжетімді етуге шақырды.

"Бәріміз бір қайықтамыз" деді Франциск үндеуінде. Әдетте понтифик үндеуді Қасиетті Петр соборының балконынан жолдайтын. Бірақ биыл коронавирус шектеулеріне байланысты үндеу ғимарат ішінде жолданып, оның видеосы эфирден көрсетілді.

"Мен барлық елдің, компаниялардың және халықаралық ұйымдардың басшыларын бәсекеге емес, әріптестікке,

"Мемлекеттердің, компаниялардың және халықаралық ұйымдардың басшыларын бәсекеге емес, әріптестікке күш салуға, әр адам үшін шешім болатын қадамға шақырамын. Вакцина барлығына бірдей, әсіресе әлемнің әр жеріндегі әлжуаз әрі мұқтаж жандарға қолжетімді болуы тиіс" деді ол.

Рим папасы сондай-ақ соғыс пен зорлық-зомбылық құрбандарын да сөз етті. Ол Сирия, Йемен және Ирак секілді қарулы қақтығыс болып жатқан елдердегі балалардың тағдырына ерекше назар аударуға шақырды. Рим папасының өзі келер жылдың наурызында Иракқа сапарламақ.

Католик шіркеуінің басшысы Донбасс пен Қарабақтағы жағдайға тоқталды. Ол Таулы Қарабақ пен Украинаның шығыс облыстарындағы қарулы қақтығыстың аяқталғанын тіледі.

25 желтоқсан күні католиктер мен протестанттар және кей православтар Иса пайғамбардың туған күнін тойлайды. Бұл – христиандардың ең басты мерекелерінің бірі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG