Accessibility links

Өзбекстан: Президент қатысқан шарада аймақ басшысы "құрметті президент" сөзін 81 рет айтты


Әндіжан облысының әкімі Шухрат Абдурахманов.
Әндіжан облысының әкімі Шухрат Абдурахманов.

Өзбекстанда Әндіжан облысының басшысы Шухрат Абдурахманов президент Шавкат Мирзияев қатысқан форум кезінде "құрметті президент" ("хурматли президент") сөзін жиі қайталаған.

Gazeta.uz сайтының есептеуінше, 25 желтоқсан күнгі жастар форумында Абдурахманов бұл сөзді 10 минут ішінде 81 рет айтқан. Орташа есеппен 7,6 секунд сайын қайталаған. Шара барысында Мирзияев бірнеше облыс басшыларымен сөйлескен.

2016 жылы билікке келген Мирзияев бірқатар реформа жасап, кейбір саяси тұтқындарды босатқан, туристердің елге келуіне жағдай жасаған. Бірақ соған қарамастан құқық қорғаушылар Өзбекстандағы жағдайға алаңдайды. Мирзиявтың алдында елді басқарған авторитар басшы Ислам Каримов тұсында елде адам құқығы өрескел бұзылды.

Сыншылар Мирзияев тұсында да елде непотизм мен тамыр-таныстық жойылмағанын, шенеуніктердің президентке жағымпаздануы, Мирзияев аймақты аралаған кезде "көзбояушылық жасау", бюджет қызметкерлерін көше сыпыруға жіберу сияқты әрекеттер байқалатынын айтады. Билікке жағымпаздану Орталық Азиядағы авторитар режимдерде жиі кездесетін құбылыс.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG