Accessibility links

Хорватияда 6,3 балдық жер сілкінісі болды, кемінде 7 адам қаза болды


Хорватияда қатарынан екі күн қатты жер сілкініп, қалалар мен елді мекендер бүлінді. Жергілікті билік мәліметіне сүйенген BBC сайты кемінде 7 адам қаза болғанын хабарлады.

Жер сілкінісін зерттеу орталықтарының мәліметінше, 6,3 балдық жер сілкінісінің эпицентрі ел астанасы Загреб қаласының оңтүстік-шығысынан 46 шақырым жерде шамамен 28 километр тереңдікте болған.

Жергілікті телеарналар қала әкімшілігі мәліметіне сүйене отырып, 12 жасар баланың мерт болғанын хабарлады. Телеарна құтқарушылардың үйінді астынан баласы бар тұрғынды алып шығарғанын көрсетті. Екеуі де аман.

Петрин мен Сисак қалаларында зардап шеккендер көп. Жедел жәрдем қызметі өкілдерінің хабарлауынша, адамдардың көбінің миы шайқалған, сүйегі сынған. Кейбіріне ота жасалған.

Словенияның STA агенттігі билік сақтық жасап, елдегі жалғыз атом электр станциясының жұмысын уақытша тоқтатқанын жазды. Станция жер сілкінісі ошағынан 100 шақырым жерде орналасқан.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Балтық елдерінің тұрғындары да жер сілкінісін сезген. Табиғи апат салдарынан Загребтің бір бөлігі электр энергиясыз қалған. Тұрғындардың көбі үйлеріне кіруге қорқып, көшеде жүр.

28 желтоқсанда таңертең 5,1 және 4,9 балдық екі жер сілкінісі болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG