Accessibility links

Қытай Тайваньға қашып кетпек болған 10 гонконгтық белсендіні түрме жазасына кесті


Сот ғимараты алдында белсенділерді босатуды талап етіп тұрған адамдар. Гонконг, 28 желтоқсан 2020 жыл.
Сот ғимараты алдында белсенділерді босатуды талап етіп тұрған адамдар. Гонконг, 28 желтоқсан 2020 жыл.

Қытай соты демократияны жақтайтын гонконгтық 10 белсендіні 7 ай мен 3 жыл аралығында бас бостандығынан айырды. Маусым айында Гонконгта "ұлттық қауіпсіздік" туралы даулы заң күшіне еніп, демократиялық қозғалыстардың әрекеті шектеле бастаған кезде гонконгтық 12 белсенді мотор қайықпен Тайваньға қашпақ болып, оларды теңізде қытай сақшылары ұстаған. Кейінірек оларға "шекараны заңсыз кесіп өтті" деген айып тағылды. Халықаралық қауымдастық Қытай билігінің белсенділерге қатысты әрекетін сынады.

16-33 жас аралығындағы 12 белсендінің екеуі - екі және үш жылға бас бостандығынан айырылды. 8 адамға 7 ай түрме жазасы берілді. Қалған екі адам Гонконг полициясына тапсырылады. Яньтянь аудандық халықтық соты оларды тағылған айыптар бойынша "кінәлі" деп тапқан.

Сот тыңдауы 28 желтоқсанда басталған. Сот отырысына шетелдік тілшілер мен дипломаттар жіберілмеді. Айыпталушылардың туыстары 12 айыпталушыға адвокат таңдау мүмкіндігі берілмегенін, істің саясиланғанын айтты.

Сот басталмай тұрып халықаралық қауымдастық белсенділер ісін сынады. АҚШ белсенділерді дереу босатуға шақырды. Еуроодақ айыпталушылардың әділ сотталу құқығы тапталғанын мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG