Accessibility links

Ақтөбе облысында шахтаны жару кезінде 4 адам қаза тапты


Ақтөбе облысы Қазақстан картасында.
Ақтөбе облысы Қазақстан картасында.

Ақтөбе облысында шахтаны жару кезінде төрт адам қаза тауып, бір адам жарақаттанды. Бұл туралы жергілікті билік хабарлады.

Ақтөбе облысы әкімдігінің ақпаратынша, 30 желтоқсан күні 21.00 уақытында Хромтау ауданы өрт сөндіру бөліміне "жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде" шахтада кісі қайтыс болды деген хабар түсті. Әкімдік баспасөз хабарламасына қарағанда, төтенше жағдай болған "Весенняя Аралчинская" шахтасы "Ақтөбе мыс компаниясына" тиесілі. Шахта Көктау ауылынан 30 шақырым қашықта орналасқан.

Хабарламада жарақаттанған кісінің хәлі туралы ақпарат берілмеген.

"Оқиғаның себептері анықталып жатыр" дейді әкімдік. Оқиға орнына болған жерге Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары мен төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері жол жүрген.

Мыс және мырыш кенін өндірісіне маманданған, өндіріс объектілері Хромтау ауданында орналасқан "Ақтөбе мыс компаниясы" ресейлік "Орыс мыс компаниясына" тиесілі. Соңғысы – мыс өндіру бойынша Ресейдегі ең ірі үшінші компания. Оның негізін қалаған және бас иесі – ресейлік миллиардер Игорь Алтушкин. Forbes журналының мәліметінше, оның байлығы – 4,1 миллиард доллар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG