Accessibility links

Қазақстанның кейбір өлкесінде қатты аяздан жол жабылды


Қысқы аязда көшеде қоғамдық көлік күтіп тұрған адамдар. Көрнекі сурет.
Қысқы аязда көшеде қоғамдық көлік күтіп тұрған адамдар. Көрнекі сурет.

Қазақстанның Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты аяз тұруына байланысты көлік қозғалысы шектеліп, жолдар жабылды.

"ҚазАвтоЖол" кәсіпорнының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысында ауаның температурасы -35 градусқа төмендеген. Өңірде барлық бағыт бойынша қоғамдық және дизельмен жүретін көліктер қозғалысына шектеу қойылды.

Қостанай облысында -42 градус аяз болады деп хабарланды. Аймақта Мамлютка - Қостанай тасжолының 180-250 шақырымы мен Екатеринбург - Алматы автожолының 686-729 шақырымында барлық көліктің жүруіне тыйым салынды.

Солтүстік Қазақстан облысында да күннің қатты суытуына байланысты барлық жол жабылды.

Ақмола облысында ауа температурасы -38 градусқа дейін төмендеп, республикалық маңызы бар жолдар түгел жабылды, қоғамдық көлік пен дизель отынымен жүретін көлік құралдарының жолға шығуына тыйым салынды. "ҚазАвтоЖол" кәсіпорны тұрғандарға ауа райы жақсарғанға дейін алыс жаққа жолға шықпауға кеңес берді.

Қазақстан астанасынан республикалық маңызы бар барлық бағыт бойынша қоғамдық көлік пен дизель отынын жағатын көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG