Accessibility links

Каспий теңізінде жер сілкінді


Каспий теңізінің ұшақтан түсірілген суреті.
Каспий теңізінің ұшақтан түсірілген суреті.

2 қаңтарда Каспий теңізінде 4,6 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық мәліметтер орталығы мекемесі хабарлады.

Жер сілкінісі Нұр-Сұлтан уақытымен таңертеңгі сағат 7:05 кезінде болған. Орталық ақпаратында жер сілкінісінің эпицентрі 42° 55” солтүстік ендік пен 48° 37” шығыс бойлық нүктесінде, жердің 17,3 километр терең қабатында болғаны көрсетілген.

Бірақ жер сілкінісінің теңіздің қай мемлекетке қарасты бөлігінде болғаны туралы айтылмаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG