Accessibility links

Коронавирус пен "пневмония" статистикасы: 721 науқас тіркелді, 9 адам көз жұмды


 Алматы, 13 желтоқсан, 2020 жыл.
Алматы, 13 желтоқсан, 2020 жыл.

Өткен тәулікте (2 қаңтар) Қазақстанда коронавирус инфекциясымен 714 адам, ал соған ұқсас пневмониямен 7 адам тіркелді, тоғыз кісі көз жұмды.

Ресми мәлімет бойынша, елде 2020 жылғы 13 наурыздан бері Covid инфекциясы лабораторияда дәлелденген 156 934 кісі тіркелген, осы аурудың салдарынан 2 330 адам көз жұмған.

Денсаулық сақтау министрлігі ауру белгілері коронавирус инфекциясына ұқсайтын, бірақ лаборатория әдісімен тексергенде ағзасынан Covid табылмаған науқастар статистикасын былтырғы тамыздан бері жүргізіп келеді. Содан бері мұндай пневмониямен ауырғандар саны 45 946-ға жеткен, 508 адам қайтыс болған, соңғы тәулікте үш адам көз жұмды.

Қазір жалпы саны 22 833 адам ем қабылдап жатыр, олардың 10 646-ның дерті ПТР әдісімен расталған. 266 кісінің халі нашар, ал 54 адамның жағдайы өте ауыр, өкпе желдету аппаратында 45 адам кісі жатыр.

Өңірлерде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар көрсеткіші:

  • Алматы қаласы – 18 742 (+103);
  • Павлодар облысы – 9 336 (+92);
  • Атырау облысы – 13 690 (+81);
  • Нұр-Сұлтан – 18 651 (+63);
  • Қостанай облысы – 7 682 (+59);
  • Ақмола облысы – 7 364 (+59);
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 8 743 (+57);
  • Алматы облысы – 7 230 (49);
  • Шығыс Қазақстан облысы – 18 946 (+41);
  • Қарағанды облысы – 12 190 (+40);
  • Батыс Қазақстан облысы – 9 287 (+31);
  • Маңғыстау облысы – 3 735 (+11);
  • Түркістан облысы – 3 687 (+9);
  • Жамбыл облысы – 5 030 (+8);
  • Қызылорда облысы – 3 401 (+7);
  • Ақтөбе облысы – 3 704 (+4);
  • Шымкент қаласы – 5 516 (0).

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде 84,5 миллион адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, 47,5 миллион адам жазылып шыққан, ал 1,83 миллион адам осы дерттен көз жұмған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG