Accessibility links

80 жастағы Нэнси Пелоси АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері болып қайта сайланды


Нэнси Пелоси.
Нэнси Пелоси.

Демократ Нэнси Пелоси АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері лауазымын сақтап қалды. Дауыс беру Конгрестің жаңа құрамы жұмысын бастаған 3 қаңтар күні өтті. Халықаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 80 жастағы саясаткер Пелосиге 2016 конгрессмен, оның республикалық қарсыласы Кевин Маккартиге 208 конгрессмен дауыс берген.

Өкілдер палатасының спикері – АҚШ-тағы президент пен вице-президенттен кейінгі үшінші лауазым.

Демократтар Өкілдер палатасыныың жаңа құрамында мандатының біразынан айырылған, бірақ басымдықты сақтап қалды. Қарашада өткен сайлауда заң шығару органына Демократиялық партияның 222 өкілі, Республикалық партияның 211 өкілі сайланған. Бұған дейінгі шақырылымда демократтарда 232 орын, республикалықтарда 197 орын болған еді.

"Америка дауысы" сайтының жазуынша, жексенбі күні жұмысын бастаған Конгрестің жаңа құрамының алдағы іс-әрекеттері белгісіз. Себебі Сенатты қай партия басым болатыны анық емес. Республикалық 11 сенатор Джо Байден жеңіске жетті деп танылған сайлау нәтижесін бекітуге қарсы шығып жатыр.

Қазір республикалықтар Сенатта басым орынға ие. Сейсенбіге белгіленген Джорджиядағы сайлаудың екінші турынан кейін Сенатта қай партия басым болатыны анықталмақ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG