Accessibility links

Иран билігі уранды 20 пайызға байытуға қайта көшетінін мәлімдеді


Ирандағы уран өндіретін Фордо объектісі.

Иран билігі Фордо объектісінде уранды 20 пайызға байытуды қайта бастайтынын мәлімдеді. Бұл 2015 жылы Иран ядролық келісіміндегі лимиттен әлдеқайда көп.

Иран билігінің ресми өкілі Әли Рабии 4 қаңтардағы сөзінде президент Хассан Роухани уран өнімін байытуға бұйрық бергенін айтты.

Иран 2018 жылы АҚШ ядролық келісімнен шығып, санкцияларды қайтарған соң шарттағы міндеттерін жиі бұза бастады.

Байытылған уран реакторға арналған жағармай және ядролық қару-жарақ жасауға қолданылады.

Халықаралық атом энергиясы агенттігі (IAEA) Тегеранның бұл мәлімдемесіне қатысты пікір білдірген жоқ. Бірақ БҰҰ ядролық қаруды бақылау қызметі 1 қаңтарда Иран билігі уран өндірісін 20 пайызға дейін байытатынын хабарлағанын айтты.

Иран қазір уран өндірісін 4,5 пайызға жеткізген. Ал 2015 жылғы Иран ядролық келісіміне сай, Тегеран уран өндірісін 3,67 пайыздан арттырмауы тиіс еді. Бұған қоса келісім бойынша, Иран тауда көмілген Фордо объектісінде уран өндірмеуі керек.

Тегеран ядролық қару жасауды жиі жоққа шығарып, ядролық бағдарламасы тек азаматтық мақсатта дейді.

АҚШ ел президенті Дональд Трамптың бастамасымен Иран ядролық келісімінен шығып кеткен. 20 қаңтарда Трапмтың президенттік өкілеті аяқталып, қызметке қарашадағы сайлауда жеңіске жеткен Джо Байден келмек. Байден Иранмен ядролық келісімді қайта бастауға ниет білдірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG