Accessibility links

АҚШ Конгресі Джо Байденді президент деп таныды

Вице-президент Майк Пенс пен Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Джо Байденнің жеңісін мақұлдаған жиында. 7 қаңтар 2020 жыл.
Вице-президент Майк Пенс пен Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Джо Байденнің жеңісін мақұлдаған жиында. 7 қаңтар 2020 жыл.

АҚШ Конгресі қарашада өткен сайлау нәтижесін мақұлдап, демократ Джо Байденді АҚШ-тың келесі президенті, Камала Харристі вице-президент деп таныды.

Енді Байден мен Харристің инаугурациясы 20 қаңтарда өтеді.

Конгресс тарапынан дауыс беру нәтижесін мақұлдау - АҚШ Конституциясында жазылған міндетті шара. Конгрессмендер осы процесс арқылы сайлаушылар алқасының дауыс нәтижесін мақұлдауы тиіс. Бұл шара 6 қаңтарда өтуі тиіс еді. Бірақ Капитолийдегі жиын өтерден бұрын Трамп Ақ үй жанында өз жақтастарына қайырылып, "біз ешқашан берілмейміз, ешқашан жеңілмейміз, ұрлықты тоқтатыңыздар" деді. Трамптың осы сөзінен кейін оның ашулы жақтастары 1,6 шақырым жерде орналасқан Капитолийге барып, басып кірді.

Олар Конгрестің қарашадағы сайлау нәтижесін рәсімдеуін өткізуге кедергі келтірді. Саясаткерлер жиын өтетін залды тастап кетуге мәжбүр болды. Олар жұмысын Вашингтонда коменданттық сағат енгізген соң жалғастырды.

Капитолийдегі жағдайдан 4 адам қаза тауып, 52 адам ұсталды.

9 қарашадағы сайлауда Байден сайлаушылар алқасының 306 дауысын, Дональд Трамп 270 дауысын алған. Кейін Трамп сайлау нәтижесімен келіспейтінін айтып, сотқа шағым түсірген. Сот оның 50 арызын қанағаттандырмай тастады.

Трамптың ашулы жақтастары Капитолийге қалай басып кірді?

Трамптың ашулы жақтастары Капитолий ішінде жүр. Осы жердегі атыстан бір әйел қаза тапты. Жергілікті басылымдардың жазуынша, Капитолий ішінде оқ тиген әйел ауруханада көз жұмған. Ол Трамптың жақтасы болған және АҚШ әуе қарулы күштерінде жұмыс істеген.

1/19

Түгел оқыңыз Қысқарту
Ондаған адам полиция кордонын бұзып өтіп, шлагбаумдарды қиратып, ғимаратқа басып кірді.
2/19 Ондаған адам полиция кордонын бұзып өтіп, шлагбаумдарды қиратып, ғимаратқа басып кірді.
Түгел оқыңыз Қысқарту

Трамптың ашулы жақтастары дауыс санау болып жатқан сенат залына дейін жетті. Капитолий полициясы оқ атып, көзден жас ағызатын газ қолданды.

3/19

Трамптың ашулы жақтастары дауыс санау болып жатқан сенат залына дейін жетті. Капитолий полициясы оқ атып, көзден жас ағызатын газ қолданды.

Түгел оқыңыз Қысқарту

Вашингтон полициясы оқиға кезінде тағы үш адам қаза болғанын хабарлады. 52 адам бассыздыққа қатысты деген айыппен ұсталды.

4/19

Вашингтон полициясы оқиға кезінде тағы үш адам қаза болғанын хабарлады. 52 адам бассыздыққа қатысты деген айыппен ұсталды.

Түгел оқыңыз Қысқарту

Республикалықтардың қарсылығына қарамастан Конгресс сайлау қорытындысын рәсімдеу процесін жалғастырмақ. Республикалықтардың талпынысы демократ Джо Байденнің президент қызметіне кірісуіне кедергі келтіре алмайды. Себебі демократтар Өкілдер палатасындағы басым орынға ие. 7 қаңтарда Конгресс Джо Байденнің сайлаудағы жеңісін мақұлдағаны хабарланды. ​

5/19

Трамп жақтастарының бірі Капитолий ішінде отыр.

Трамптың әрекеттеріне қарсылығын білдіріп жүрген вице-президент Майк Пенс сессия жұмысы қайта жалғасқан соң "Капитолий ішінде хаос жасау арқылы сіздер жеңіске жете алмадыңыздар" деді.

6/19 Трамп жақтастарының бірі Капитолий ішінде отыр.

Трамптың әрекеттеріне қарсылығын білдіріп жүрген вице-президент Майк Пенс сессия жұмысы қайта жалғасқан соң "Капитолий ішінде хаос жасау арқылы сіздер жеңіске жете алмадыңыздар" деді.

Түгел оқыңыз Қысқарту
Трамп жақтастары Капитолий залында жүр.

7/19 Трамп жақтастары Капитолий залында жүр.

Түгел оқыңыз Қысқарту
Оқиға болып жатқанда Дональд Трамп Twitter желісінде сайлаудағы фальсификация туралы бірнеше жазба жариялап, ашулы жақтастарын тарауға шақырды. Кейін Twitter Трамптың аккаунтын 12 сағатқа бұғаттап тастады.
8/19 Оқиға болып жатқанда Дональд Трамп Twitter желісінде сайлаудағы фальсификация туралы бірнеше жазба жариялап, ашулы жақтастарын тарауға шақырды. Кейін Twitter Трамптың аккаунтын 12 сағатқа бұғаттап тастады.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Капитолий ішінде жасырынып жатқан адамдар.
9/19 Капитолий ішінде жасырынып жатқан адамдар.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Капитолий полициясы Трамп жақтастарына қару кезеп тұр.
10/19 Капитолий полициясы Трамп жақтастарына қару кезеп тұр.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Капитолий ішінде атыстан жасырып жатқан адамдар.
11/19 Капитолий ішінде атыстан жасырып жатқан адамдар.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Байден 20 қаңтарда президент қызметіне кірісуі тиіс. Ал инаугурация алдындағы сайлаушылар коллегиясының дауысын санау әдеттегі шара еді. Бірақ бұл процесс биыл кейбір республикалық депутаттардың қарсылығына байланысты үлкен дебатқа айналды.
12/19 Байден 20 қаңтарда президент қызметіне кірісуі тиіс. Ал инаугурация алдындағы сайлаушылар коллегиясының дауысын санау әдеттегі шара еді. Бірақ бұл процесс биыл кейбір республикалық депутаттардың қарсылығына байланысты үлкен дебатқа айналды.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Батыс елдерінің басшылары Капитолийдегі жағдайға байланысты алаңдаушылыр білдірді.
13/19 Батыс елдерінің басшылары Капитолийдегі жағдайға байланысты алаңдаушылыр білдірді.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Капитолий полициясы адамдарды эвакуациялап жатыр.
14/19 Капитолий полициясы адамдарды эвакуациялап жатыр.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Капитолийдегі жиын алдында Трамп Ақ үй жанында өз жақтастарына қайырылып, БАҚ-ты "қызметім мен сайлауалды кампаниям жайлы анық емес ақпараттар жариялады" деп айыптады. Ол "біз ешқашан берілмейміз, ешқашан жеңілмейміз, ұрлықты тоқтатыңыздар" деді жиналғандар алдында. Трамптың осы сөзінен кейін жақтастары 1,6 шақырым жерде орналасқан Капитолийге беттеді.
15/19 Капитолийдегі жиын алдында Трамп Ақ үй жанында өз жақтастарына қайырылып, БАҚ-ты "қызметім мен сайлауалды кампаниям жайлы анық емес ақпараттар жариялады" деп айыптады. Ол "біз ешқашан берілмейміз, ешқашан жеңілмейміз, ұрлықты тоқтатыңыздар" деді жиналғандар алдында. Трамптың осы сөзінен кейін жақтастары 1,6 шақырым жерде орналасқан Капитолийге беттеді.
Түгел оқыңыз Қысқарту
3 қарашадағы сайлауда жеңіске жеткен Байден Капитолийде болған жағдайды АҚШ демократиясына "шабуыл" және "бүлік" деп атады.
16/19 3 қарашадағы сайлауда жеңіске жеткен Байден Капитолийде болған жағдайды АҚШ демократиясына "шабуыл" және "бүлік" деп атады.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Трамп жақтастары Капитолий алдында тұр.
17/19 Трамп жақтастары Капитолий алдында тұр.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Полиция Трамптың ашулы жақтастарын тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданды.
18/19 Полиция Трамптың ашулы жақтастарын тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданды.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Капитолий алдындағы көрініс.

9 қарашадағы сайлауда Байден сайлаушылар алқасының 306, Трамп 270 дауысын алған. Кейін Трамп сайлау нәтижесімен келіспейтінін айтып, сотқа шағым түсірген. Сот оның 50 арызын қанағаттандырмай тастады.

19/19 Капитолий алдындағы көрініс.

9 қарашадағы сайлауда Байден сайлаушылар алқасының 306, Трамп 270 дауысын алған. Кейін Трамп сайлау нәтижесімен келіспейтінін айтып, сотқа шағым түсірген. Сот оның 50 арызын қанағаттандырмай тастады.

Түгел оқыңыз Қысқарту
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG