8 қаңтар күндіз Бішкекте парламенттік басқаруды жақтайтын азаматтар акция өткізді. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, жүз шақты адам Ала-Тоо алаңындағы Сәуір революциясы құрбандарына арналған ескерткіш маңына жиналған.
Акцияны референдум қарсаңында құрылған парламентаризмді насихаттайтын топқа жетекшілік ететін Жогорку кеңеш депутаты Дастан Бекешов және өзге де белсенділер ұйымдастырған. Митинг шамамен бір сағатқа созылған.
10 қаңтарда Қырғызстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Орталық сайлау комиссиясы бастапқыда 18 кандидатты тіркеген, бірақ жақында олардың бірі сайлауға түсуден бас тартқан.
10 қаңтарда сайлаумен қатар Қырғызстанның басқару формасын анықтайтын референдум да өтеді. Қырғызстан азаматтары бюллетеньдегі президенттік форма, парламенттік форма немесе "барлығына қарсымын" деген үш нұсқаның бірін таңдауы тиіс.
ПІКІРЛЕР