Accessibility links

Қазақстан, Өзбекстан және АҚШ "Орталық Азия инвестициялық әріптестігін" құратынын мәлімдеді


АҚШ-тың Халықаралық даму қаржысы корпорациясы (DFC) директоры Адам Бойлер
АҚШ-тың Халықаралық даму қаржысы корпорациясы (DFC) директоры Адам Бойлер

7 қаңтарда Қазақстан, Өзбекстан және АҚШ "Орталық Азиядағы инвестициялық әріптестік" құрылатынын хабарлады. Бұл бастама аясында АҚШ, Қазақстан және Өзбекстан Орталық Азия аймағында жекеменшік секторды дамытып, экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін бес жыл ішінде 500 миллион доллардан инвестиция салмақ. Бұл жөнінде Азаттыққа АҚШ-тың Халықаралық даму қаржысы корпорациясы (DFC) директоры Адам Бойлер мәлімдеді.

"Орталық Азиядағы инвестициялық әріптестік" "С5 + 1" платформасы арқылы жұмыс істейді және Орталық Азияның, соның ішінде Қазақстан мен Өзбекстанның экономикалық дамуына ықпал етеді. Сол арқылы бұл жоба аймақтағы коронавирус пандемиясының салдарымен күресуге мүмкіндік береді.

Келісімге қол қою үшін Нұр-Сұлтанға барған Бойлердің айтуынша, DFC Қазақстанда денсаулық сақтау, сарқылатын және сарқылмайтын энергия көздері, ауыл шаруашылығы және жекеменшік секторға көмек секторларына, соның ішінде микронесие беру арқылы әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға көп мән берілмек.

"Қазақстан мен Өзбекстандағы кәсіпкер әйелдермен кездесеміз. Бірақ басты фокусымыз – мұны қалай [үйлестіру], өйткені ойланып қарасақ, пандемиядан ең көп зардап шеккен – осы фирмалар мен кәсіпкер әйелдер" деді Бойлер Азаттыққа.

"Пандемия тұрғысынан қарасақ, көмек дәл қазір қажет. Менің де басты мақсатым – мұны мүмкіндігінше жылдам іске асыру" деді ол.

Орталық Азия елдері бір ғана елге тәуелді болмаса "аймақ тұрақталады" деп санайлы DFC даму корпорациясы басшысы. Бойлердің айтуынша, басқа елдерде мықты нарық қалыптастыру "АҚШ-тың саяси мүддесіне" сай келеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG