Accessibility links

ОСК: Сайлаушылардың 11,6 пайызы дауысы берді


Алматы облысы Қарасай ауданы Мерей ауылындағы №496 сайлау учаскесі. 10 қаңтар 2021 жыл.
Алматы облысы Қарасай ауданы Мерей ауылындағы №496 сайлау учаскесі. 10 қаңтар 2021 жыл.

Нұр-Сұлтан уақытымен таңертеңгі сағат 10-дағы жағдай бойынша, сайлаушылардың 11,6 пайызы дауыс берген. Бұл ақпаратты орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, сайлау учаскелері ашылғалы бері бірнеше сағат ішінде Нұр-Сұлтанда тізімдегі сайлаушылардың 10,8 пайызы бюллетень алып үлгерген. Алматыда бұл көрсеткіш 9,7 пайызды құраған.

Қалған облыстар мен қалаларда жағдай төмендегідей:

  • Ақмола облысында - 10,2 пайыз
  • Ақтөбеде - 9,9 пайыз
  • Алматы облысында - 11,3 пайыз
  • Атырау облысында - 10,3 пайыз
  • Шығыс Қазақстан облысында - 12,1 пайыз
  • Жамбыл облысында - 12,8 пайыз
  • Батыс Қазақстан облысында - 12,7 пайыз
  • Қарағанды облысында - 10,4 пайыз
  • Қостанай облысында - 11,2 пайыз
  • Қызылорда облысында - 10,3 пайыз
  • Маңғыстау - 8,7 пайыз
  • Павлодар облысында - 14 пайыз
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 14,9 пайыз
  • Түркістан облысында - 13,3 пайыз
  • Шымкентте - 14,4 пайыз;

Дауыс беру кешкі сағат 20.00-де аяқталады. Бес облыс: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында уақыт айырмасына байланысты сайлау учаскелері бір сағат кеш (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 221.00-де) жабылады. Одан кейін дауыс санау басталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG