Accessibility links

"Азаматтық ұстанымым бойынша шықтым". Полиция ұстап әкеткен марафоншы Марат Жыланбаев босап шықты


 Марафоншы Марат Жыланбаев. Нұр-Сұлтан, 23 наурыз, 2020 жыл.
Марафоншы Марат Жыланбаев. Нұр-Сұлтан, 23 наурыз, 2020 жыл.

Жеті рет әлемдік рекорды жаңартқан, Гиннестің рекордтар кітабына кірген марафоншы Марат Жыланбаевты Қазақстан астанасының ескі орталығында, сайлауға қарсы наразылық өтеді деп белгіленген орында полиция ұстап әкетті.

Жыланбаевтың айтуынша, оны ұсталған басқа адамдармен бірге Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық полиция басқармасына алып барып, наразылық өткізу себептерін сұрап тергеу жүргізіп, үш сағат ұстаған.

– Маған ҚДТ-ны қолдап заңсыз митинг өткізді деген айып тақпақ болды (Қазақстанның демократиялық таңдауы – Қазақстанда тыйым салынған саяси ұйым – Ред.). Мен ешқандай партияға не ұйымға кірмейтінімді, өз азаматтық пікірімнің негізінде [көшеге] шыққанымды айттым, – деді марафоншы Азаттыққа телефон арқылы берген сұхбатында.

Жыланбаевтың айтуынша, онымен бірге полиция бөлімшесінде тағы жиырма шақты адамды ұстаған.

Спортшының айтуынша, бұл – оның биліктің саясатына қарсы рұқсат етілмеген митингіге алғаш шығуы емес.

Павлодар облысының тумасы Марат Жыланбаев Азия, Африка, Австралия және Американың ірі шөлдерін жалғыз жүгіріп өткен.

Боксшы Ибраимов айтқан басу һәм марафоншы Жыланбаевтың ұсталуы
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:23 0:00

10 қаңтар, сайлау күні, Алматы, Ақтөбе, Орал, Нұр-Сұлтан және басқа қалаларда саяси реформаларды талап еткен бірнеше оппозициялық топтың талабымен жүздеген адам наразылық өткізді. Түрлі мәліметтер бойынша, ел аумағында жүзден аса адам ұсталған.

Алматыда "Демократиялық партия" құрғысы келетін белсенді топтың Жанболат Мамай бастаған 25-тей адамы полиция қоршауында сегіз сағаттан бері тұр. Полиция құрсауында сағаттап тұрған Oyan, Qazaqstan қозғалысының белсендісі Әсем Жәпішеваны жедел жәрдем көлігі алып кеткен.

10 қаңтарда Қазақстанда парламенттің төменгі палатасы – мәжіліс пен жергілікті өкілдік орган – мәслихаттар сайлауы өтіп жатыр. Мәжіліске де, мәслихаттарға да депутаттар пропорционал сайлау жүйесі бойынша таңдалады, яғни тәуелсіз кандидаттар өз бетімен үміткер бола алмайды. Додаға оппозициялық күштер жіберілген жоқ, оған тек елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктегі "Нұр Отан" партиясы және билікшіл төрт партия қатысып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG