Accessibility links

Путин Армения және Әзербайжан басшыларымен үшжақты кездесу өткізеді


Ресей президенті Владимир Путин және Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев (оң жақта) 2018 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин және Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев (оң жақта) 2018 жыл.

11 қаңтарда Ресей президенті Армения және Әзербайжан басшыларымен бірге Таулы Қарабақ мәселесін талқылайды. Бұл туралы 10 қаңтарда Кремль баспасөз қызметі хабарлады.

“Соғыстан зардап шеккен аумақтағы тұрғындарға көмек көрсету мен сауда және көлік қатынасын дамытуға ерекше назар аударылады” делінген ресми хабарламада. Онда жиыннан бөлек, Путиннің Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиевпен жеке-жеке кездесетіні де айтылған.

9 қарашада қол қойылған Таулы Қарабақта атысты тоқтату туралы келісім аясында Таулы Қарабақта 30 жыл армяндар бақылауында болған жеті аудан Әзербайжанға қайтарылған еді. Ресейдің араағайындық етуімен жасалған келісімнің көптеген детальдары әлі де анық емес. Мысалы, Таулы Қарабақтың түпкілікті саяси статусы бұлыңғыр. Экономикалық мәселелерді айтпағанда арадағы шекара сызығы да дәл анықталмаған. Армения сонымен бірге тұтқын алмасу, мәйіт іздеу және із-түзсіз жоғалған солдаттар мәселесін даулап келеді. Армения премьер-министрінің ресми өкілі Мэйн Геворгиян бұларды "өте маңызды мәселе" деп атайды.

"Бұл мәселелер шешілмей немесе оны шешуге қадам жасамай экономикалық тақырыптарды талқылаудың өзі қиынның қиыны" деп жазды Facebook парақшасында.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG