Мәскеу облысы Ступин ауданындағы "Мещерино-1" әскери бөлімінің командирі өзіне қол жұмсады. Бұл туралы құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сүйенген ТАСС агенттігі хабарлады.
Ашық дереккөздерінде әскери бөлімнің қарулы күштер бас басқармасына (ГРУ) қарайтыны көрсетілген. Өзіне қол жұмсаған командирдің аты-жөні айтылмайды. Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік реестріндегі мәлімет бойынша, әскери бөлімді 2017 жылдың сәуір айынан бері Игорь Попов басқарған.
Суицид себебі де айтылмайды. Ақпаратқа қарағанда, офицерге дәрігерлер көмек көрсеткен, бірақ ол жедел жәрдем көлігінде жан тапсырған.
ПІКІРЛЕР