Accessibility links

"Мемлекеттік құпия бар". Арыстағы жарылысқа байланысты сот тергеуі жабық өте бастады


Оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс кесірінен үйге түскен снарядты қазып алып, сыртқа шығарға саперлар. Арыс, 29 маусым 2019 жыл.
Оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс кесірінен үйге түскен снарядты қазып алып, сыртқа шығарға саперлар. Арыс, 29 маусым 2019 жыл.

Шымкент гарнизоны соты Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлім қоймасындағы жарылысқа қатысты тергеуді жабық өткізе бастады. Бұл туралы 13 қаңтар күні сот залына барған Азаттық тілшісіне Шымкент гарнизоны әскери сотының төрағасы Берік Кәрім айтты.

Кәрімнің сөзінше, алғашында сот тергеуі ашық өткен. Істі тергеу кезінде арнайы видеоматериалдар қаралып, онда мемлекеттік құпияға байланысты деректер шыққан соң істі жабық өткізу туралы сот қаулы шығарған.

Арыстағы жарылысқа байланысты сот отырысы былтыр 11 маусымда басталған еді. Істе 16 адам айыпталушы, 1500 адам жәбірленуші деп танылған. Кәрімнің сөзінше, қазір сот процесіне айыпталушылар, жәбірленушілер, қорғаушылар мен куәгерлер сияқты тек іске қатысы бар адамдар қатысып жатыр.

2019 жылдың 24 маусымында Арыстағы әскери оқ-дәрі қоймасы жарылып, салдарынан төрт адам қазаға ұшырады. Олардың екеуі – әскери, біреуі – бейбіт тұрғын, ал бір бала эвакуациялау кезінде жол апатынан мерт болды. Оқиға салдарынан алпыс мыңнан астам адам үй-жайын тастап кетуге мәжбүр болды. Ресми мәлімет бойынша, қаладағы 7 527 үй мен көпқабатты 103 тұрғын үй зақымданған. Пайдалануға жарамсыз болып қалған 420 үй мен 3 көпқабатты тұрғын үй құлатылған.

Жарылыс болған күні мыңдағын үй зақымданып, Арыстың 40 мыңнан астам тұрғыны Шымкент қаласы мен төңірегіндегі елдімекендерге эвакуацияланған. Олар 28 маусымда Арысқа қайта оралған.

Арыстағы алты күн
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:16:36 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG