Accessibility links

Қарағанды облысында жер астында қалған шахтерді іздеп жатыр


Ленин шахтасы.

Қарағанды облысы Ленин атындағы шахтада 13 қаңтар түнде ауаға газ бен көмір иісі тараған. Ақпаратқа қарағанда, төтенше оқиға бұрғылау кезінде болған. Ресми мәлімет бойынша, оқиға кезінде шахтада 137 жұмысшы болған, 136-ы сыртқа шығарылған. Жер астында қалған бір жұмысшыны құтқару жұмысы әлі жалғасып жатыр.

Шахта иесі "АрселорМиттал Темиртау" компаниясы "бұрғылаушылар жұмыс орнын тастап кетті, бұрғылау құрылғысының машинисті ұңғымадан шыға алмады" деп мәлімдеді. Компания ресми сайтында "шахтадағы газ деңгейі қалыпқа түскенін" хабарлады.

Қарағанды облысы әкімдігі төтенше оқиғаға байланысты 14 қаңтарда комиссия құрылып, оған жергілікті өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы, облыстық еңбек инспекциясы, "Қорғау" шахтерлар кәсіподағы өкілдері және Ленин атындағы шахта басшылығы кіргенін айтты.

Қарағанды көмір бассейніндегі ірі шахталардың бірі Ленин атындағы шахта 1964 жылы пайдалануға берілген. 1996 жылы шахта үндістандық миллиардер Лакшми Миттал басқаратын компанияның меншігіне өтті.

1970 жылдың соңынан бері Ленин атындағы шахтада адам шығыны болған кемінде жеті апат болған. Ең ірісі 2006 жылы болды. Ол кезде метан жарылып, 41 кенші қаза тапты, жеті адам жараланды.

  • 16x9 Image

    Елена ВЕБЕР

    Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена - 2010 жылдан бері Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі. Теміртау қаласында тұрады. ҚарҰУ-дің филология факультетін бітірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG