Accessibility links

Үкімет жаңа құрамы жасақталғанға дейін міндетін атқара береді


Астанадағы министрліктер үйі. 2011 жыл.
Астанадағы министрліктер үйі. 2011 жыл.

Қазақстан үкіметі жаңа құрамы жасақталғанға дейін міндетін атқара береді. Жұма күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы жарлыққа қол қойды.

Нұр-Сұлтанда бүгін, 15 қаңтарда парламенттің жетінші шақырылым депутаттарының алғашқы сессиясы басталды. Заңнама бойынша парламент мәжілісі жаңадан сайланған кезде үкімет өкілетін тоқтатады.

Конституция бойынша, Қазақстан президенті премьер-министрді мәжіліспен ақылдаса отырып тағайындайды, үкіметтің өзге мүшелерін де таңдайды.

Орталық сайлау комиссиясының есебінше, мәжіліске 2012 және 2016 жылы өткен үш партия барды. Елді отыз жылға жуық басқарып, 2019 жылы отставкаға кеткеніне қарамастан саяси ықпалын жоғалтпаған Нұрсұлтан Назарбаев жетекшілік ететін "Нұр Отан" партиясы мәжілістегі орындардың басым бөлігін (76 мандат) иеленді. Билікшіл "Ақ жол" - 12, "Қазақстанның коммунистік партиясы" 10 орын алды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG