Accessibility links

АҚШ-та жаңа президенттің инаугурациясы қарсаңында қауіпсіздік күшейтілді


Капитолий ғимараты шарбақпен қоршалып, үстіне тікенек сымтемір жүргізіліп жатыр. Вашиегтон, АҚШ, 15 қаңтар, 2021 жыл.

Жаңадан президент болып сайланған Джо Байден инаугурациясының қарсаңында демонстрация болады деп болжаған АҚШ-тағы штат басшылары ірі қалаларға ұлттық гвардия жасағын алдырып, төтенше жағдай жариялап жатыр.

Федералдық тергеу бюросы штаттар астаналарды күш қолдануға тырысатындар болуы мүмкін деп ескертті. Олардың айтуынша, "алаңдататын онлайн чаттар" көбейген, арасында қарулы қақтығысқа шақырып жатқандар да бар.

Билік 6 қаңтардағы оқиғалар қайталанбауы үшін қам жасап жатыр. Сол күні биліктен кетіп жатқан Дональд Трамп жақтастары Байденнің сайлаудағы жеңісін растап жатқан Конгресс жұмысына кедергі жасамақ болып, Вашингтондағы Капитолий ғимаратына басып кірген.

Ондаған штат губернаторы ұлттық гвардияға аймақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жергілікті құқық қорғау органдарына көмек көрсетуді сұраған. Кейбіреулері өз резиденциясын жапты, не оған баратын жолдарға тосқауыл қойды.

Мэриленда, Нью-Мексико және Юта штаттарының губернаторлары төтенше жағдай жарияланды.

Әдетте кісі көп жүретін Вашингтон көшелерінде қазір адам қарасы аз. Капитолий тікенек темір тартылған шарбақпен қоршалған.

Ресми орындардың мәліметі бойынша, Вашингтонда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ұлттық гвардияның 20 мыңға жуық сарбаз жұмылдырылған.

Конституцияға сәйкес, Джо Байденнің инаугурациясы 20 қаңтарда Капитолий ғимаратында өтеді. Жеңілгенін мойындамаған қазіргі президент Дональд Трамп билікті тапсыратынын, бірақ инаугурацияға қатыспайтынын айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG