Accessibility links

Байден инаугурациясы қарсаңында Трамп жақтастары үкімет алдына жинала бастады


АҚШ президенті Дональд Трамп пен жақтастары.
АҚШ президенті Дональд Трамп пен жақтастары.

20 қаңтарде өтетін Джо Байден инаугурациясы қарсаңында АҚШ-тың бірнеше штатында президент Дональд Трампты жақтайтын демонстранттар жергілікті үкімет ғимараттарының маңына жинала бастады. Кейбірінің қолында қару бар.

17 қаңтарда Мичиган, Огайо, Оңтүстік Каролина, Пенсильвания және Вашингтондағы үкімет үйінің алдына шағын топ барған. Бірақ олар өздерін бейбіт ұстаған. Билік Байден инаугурациясы алдында 6 қаңтар күнгі тәртіпсіздік қайталана ма деп қауіптенеді. Түрлі аймақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мыңдаған ұлттық гвардия жасақтары әкелінген.

6 қаңтар күні президент сайлауы нәтижесін бекіту мақсатымен Конгрестің қос палатасы ортақ отырыс өткізуі қажет болған. Сол күні АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп Ақ үй жанында жақтастарымен митинг өткізіп, сайлау нәтижесін мойындамайтынын мәлімдеген. Осыдан кейін митингшілер Конгресс отырысы басталған Капитолийге жол тартып, ғимаратты басып алған. Оқиға салдарынан бес адамның қайтыс болғаны хабарланды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG