Accessibility links

Джо Байден АҚШ президенті қызметіне кірісу үшін Вашингтонға келді


20 қаңтарда инаугурациясы өтетін АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джо Байден сейсенбі күні Делавэр штатында сөз сөйлеп, туған штатының тұрғындарымен қоштасты. Ол Делавэр штатындағы ұлттық гвардияға қарасты үшінші резервистер орталығында мәлімдеме жасады. Бұл орталық Джо Байденнің үлкен ұлы майор Джозеф Бо Байденнің құрметіне аталған. Ол жазылмайтын дертке шалдығып, бірнеше жыл бұрын қайтыс болған.

"Америка дауысы" сайтының жазуынша, қоштасу рәсіміне Делавэр губернаторы Джон Кэрни де қатысқан.

Жаңа сайланған президент және болашақ бірінші ханым сейсенбі күні кешке Делавэрдің Ньй-Кастл әуежайынан Мэрилендтегі "Эндрюс" әуе базасына, одан әрі қарай Вашингтонға ұшқан. Сәрсенбі күні АҚШ-тың 46-шы президентінің инаугурациясы өтеді.

Associated Press агенттігі Дональд Трамп инаугурация рәсіміне қатыспайды деп жазады. Байден мінген ұшақ "Эндрюс" әуе базасына қонған кезде Ақ үй Трамптың қоштасу видеосын жариялады. Трамп жаңа әкімшілікке сәттілік тіледі. Associated Press агенттігі 20 минуттық қоштасу видеосінде бірде-бір рет Байден есімін атамағанын атап өтеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG