Accessibility links

Садыр Жапаровтың инаугурациясы 28 қаңтарда өтеді


Садыр Жапаров.
Садыр Жапаров.

Қырғызстандағы президент сайлауының жеңімпазы атанған Садыр Жапаровтың инаугурациясы 28 қаңтарда өтеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Галина Байтерек сөзіне сүйенген Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Қырғызстан орталық сайлау комиссиясы жақында кезектен тыс президент сайлауында Садыр Жапаровтың жеңгенін мәлімдеген. Дауыс беру нәтижесі бойынша, оған 1 миллион 105 мың 248 сайлаушы дауыс берген. Бұл 10 қаңтарда дауыс берген сайлаушылардың 79,2 пайызын құрайды.

Кандидат Адахан Мадумаров - 94 741 дауыс (6,79 пайыз), Бабыржан Толыбаев 32 979 дауыс (2,36 пайыз) алған.

Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес, енді Садыр Жапаровқа президент ретінде тағайындалғаны туралы арнайы куәлік беріп, төсбелгі мен штандарт табыстайды.

Заңнама бойынша, ОСК сайлау нәтижесін сайлау өткеннен кейін - 20 күн ішінде, кезектен тыс сайлау жағдайында 15 күн ішінде жариялауы тиіс. 20 қаңтарда таңертең орталық сайлау комиссиясы Оштағы үш сайлау учаскесінде дауысты қайта санау туралы шешім шығарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG