Accessibility links

Бағдаттағы базарда егіз жігіт өздерін жарып, кемінде 28 адам қаза болды


Шабуылдан кейін базар маңын күзетіп тұрған күштік құрылым өкілдері. Бағдат, 21 қаңтар 2021 жыл.
Шабуылдан кейін базар маңын күзетіп тұрған күштік құрылым өкілдері. Бағдат, 21 қаңтар 2021 жыл.

Бағдат орталығындағы базарда егіз жігіт өздерін жарып, кемінде 28 адам қаза болды. 21 қаңтарда болған шабуылдан кемінде 73 адам жараланған. Зардап шеккендерге көмектесу үшін Бағдатқа жан-жақтан дәрігерлер жұмылдырылған.

Билік өкілдерінің хабарлауынша, оқиға Бағдат орталығындағы Тайаран алаңында далада киім-кешек сататын базарда болған. Сауда орны соңғы бір жылда коронавирусқа байланысты жабылып, жақында ғана ашылған. Шабуыл базарда сауда қызған кезде болған.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, бірінші шабуылдаушы базарға асығып кіріп, өзін нашар сезініп тұрғандай кейіп танытып, айналасына адамдар үйірілген кезде жарылғышты іске қосқан. Жарылыстан зардап шеккендерге көмектесуге адамдар жиналған кезде екінші бомба жарылған.

Дәрігерлер қаза болғандар саны артуы мүмкін дейді. Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендерге көмектесу үшін басқа аймақтан Бағдатқа дәрігерлер жеткізілгенін хабаралды.

2018 жылы қаңтар айында Тайаран алаңында осыған ұқсас ірі шабуыл болып, 30-дан астам адам қаза болған. 2003 жылы АҚШ Иракқа басып кіргеннен кейін Бағдатта діни топтар арасында қақтығыс күшейіп, өзін жаратындар көбейген.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG