Accessibility links

Коронавирус инфекциясымен 1 548 адам тіркелді, 302 науқастың жағдайы ауыр


Алматыда супермаркетке кіріп бара жатқан адамның дене қызуын өлшеп жатыр. 11 қаңтар, 2021 жыл. 
Алматыда супермаркетке кіріп бара жатқан адамның дене қызуын өлшеп жатыр. 11 қаңтар, 2021 жыл. 

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясы ПТР тестімен дәлелденген 1 548 адам тіркелді. "Қызыл аймақта" тұрған астанада ең көп науқас – 235 адам тіркеуге алынған. Қаланы қоршап жатқан Ақмола облысында Covid жұқтырған 209 кісі санаққа кірді.

Қазақстанның ең үлкен қаласы – Алматыда коронавирус инфекциясы 130 адамға жұққан.

Ресеймен шектесетін бірнеше аймақта індет өршіп тұр. Қаупі бойынша "қызыл аймаққа" жатқызылған Павлодар облысында 226, Қостанайда – 170, Солтүстік Қазақстанда – 116, Атырауда – 104, Батыс Қазақстанда – 74, Шығыс Қазақстанда – 52 науқас тіркелді.

Алматы облысында – 83, Қарағанды облысында – 78, Жамбылда – 27, Маңғыстау, Ақтөбе және Түркістан облыстарында 11 науқастан, Шымкентте – 8, Қызылорда облысында – 3 адам коронавируспен тіркелді.

Өткен тәулікте індеттен 9 адам қайтыс болды.

Қазір 25 983 адам короновирус инфекциясы мен соған ұқсас пневмониядан (14 277 КВИ+ және 11 706 КВИ-) ем алып жатыр, олардың ішінде 6 723 науқас стационарда. 302 адамның жағдайы ауыр, 49 кісінің жағдайы өте ауыр, ал 39 39 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Ресми мәлімет бойынша, былтыр 13 наурызынан бері елде 175 390 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұған "коронавирусқа ұқсас пневмония" дерегі кірмейді, Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі мұндай науқастарды тамыз айынан бері бөлек санап келеді. Былтыр жаздың алғашқы екі айында елде коронавирус тесті кері нәтиже берсе де, симптомдары соған келетін "түсініксіз" пневмония індеті қатты өршіп, бұған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен халықаралық ақпарат құралдары назар аударған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, "коронавирусқа ұқсас пневмониямен" осы күнге дейін 47 311 адам тіркеуге алынған, 550 кісі осы науқастан көз жұмған. Ресми мәлімет бойынша, коронавирустың өзінен осыған дейін 2 457 кісі қайтыс болған. Бірақ кей сарапшылар мен дәрігерлер індеттен өлгендер саны бұдан әлдеқайда көп деп топшылайды.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен "соған ұқсас пневмония" дерегін бөлек жариялайды. Ал Америкадағы Джонс Хопкинс университеті Қазақстан берген екі деректі қосып, елде 222 мыңнан астам адам Covid-пен тіркелді, 2,9 кісі қайтыс болды деп көрсеткен.

Жалпы әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 100 миллионға таяп қалды. 2,1 миллиондай кісі осы дерттен көз жұмды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG