Accessibility links

Байден трансгендерлерге әскери қызметкер болуға тыйым салатын жарлықтың күшін жойды


АҚШ президенті Джо Байден.
АҚШ президенті Джо Байден.

АҚШ президенті Джо Байден трансгендерлердің қарулы күштерде қызмет істеуіне тыйым салатын жарлықтың күшін жойды. Бұл туралы "Америка дауысы" сайты жазды.

Ақ үй хабарламасында гендерлік ерекшелік әскери қызметкер болуға бөгет жасамауы тиіс деп жазылған.

Барлық білікті америкалықтардың елге қызмет етуіне рұқсат беру қарулы күштер жұмысының тиімділігін арттыра түседі делінген хабарламада.

2016 жылы президент Барак Обама трансгендерлерге гендерлік ерекшеліктерін жасырмай әскерде қызмет етуіне рұқсат берген. Бұған қоса, ауыспалы кезеңде медициналық көмек алуына жағдай жасаған.

Ал президент Дональд Трамп трансгендерлерді қарулы күштер қатарына қабылдауды тоқтатты. Президент жарлығына қол қойылған кезде әскерде қызмет етіп жүрген трансгендерлер ғана қызметін жалғастыра алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG