Accessibility links

Навальный жақтастарын тағы да наразылыққа шақырды


Апелляциялық сот отырысына тергеу изоляторынан қатысқан оппозициялық саясаткер Алексей Навальный. 28 қаңтар 2021 жыл.
Апелляциялық сот отырысына тергеу изоляторынан қатысқан оппозициялық саясаткер Алексей Навальный. 28 қаңтар 2021 жыл.

Қамауда отырған ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальный жақтастарын демалыс күні тағы да жалпыұлттық шеруге шығуға шақырды. Билік өткен сенбідегі наразылықтан кейін Кремль сыншысының көмекшілерін қудалап, наразыларға көшеге шықпауға ескерткен.

28 қаңтарда сот Навальныйдың өзін қамауға алу туралы шешім бойынша түсірген апелляциялық шағымын қарап, қанағаттандырмаған. Сот шешімі шыққаннан кейін саясаткер сайтында Навальныйдың қорықпай, тағы наразылыққа шығуға үндегені жайлы хат жарияланды.

"Нразылыққа шық, ештеңеден қорықпа. Тирания мен жемқорлық билеген елде ешкім де тұрғысы келмейді. Халықтың көбі біздің жақта" деді Навальный.

Навальный мен көмекшілері 31 қаңтарда тағы да ірі наразылық өткізуді жоспарлап отыр. Өткен сенбіде Ресей қалаларында полиция қудалауына қарамастан жүз мыңдаған адам көшеге шығып, Навальныйды босатуды талап еткен. Мәскеу, Санкт-Петербург, Владивостокта наразылар мен құқық қорғау органдары арасында қақтығыс болды. Полиция шеру кезінде шамамен 4 мыңға жуық адамды ұстаған.

Тергеу комитеті шеруге қатысқандардың үстінен 20-дан астам қылмыстық іс қозғады. Оларға "полицейлерге күш қолданды", "жаппай тәртіпсіздікке шақырды", "бұзақылық жасады", "кәмелетке толмағандарды заңсыз әрекетке тартты", "жолды жапты", "санитарлық ережелерді бұзды" деген айыптар тағылды. Бүкіл аймақта Навальный жақтастары ұсталып, пәтерлеріне тінту жүргізілді.

  • Навальный 17 қаңтарда Ресейге оралғаннан кейін әуежайда ұсталып, бірден қамалған. Қылмыстық жазаны атқару федералдық қызметі оны "шартта жазаны өтеу тәртібін бұзды" деп айыптаған. Былтыр тамыз айында уланып, Германияға жөнелтілгеннен кейін Навальный сол жақта есін жиып, бірнеше ай емделген. Халықаралық қауымдастық оппозициялық саясаткерді қамауды айыптады.
Навальный жайлы сізге беймәлім 5 дерек
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:30 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG