Accessibility links

Informburo.kz порталының бас редакторы, журналист Михаил Дорофеев қайтыс болды


Қазақстандық журналист Михаил Дорофеев.
Қазақстандық журналист Михаил Дорофеев.

Informburo.kz ақпарат порталының бас редакторы Михаил Дорофеев қайтыс болды. Ол басқаратын ақпарат құралы журналистің 30 қаңтарда 49 жасында өмірден өткенін хабарлады.

Дорофеев БАҚ және PR саласында ширек ғасырдан астам уақыт жұмыс істеді. Ол республикалық телеарналар мен газеттердің тілшісі болды, телехабарлар жүргізіп, бірнеше басылымды басқарды, PR-форумдарда модератор да болды. Михаил Дорофеев 2015 жылдан бері Informburo.kz ақпарат порталының бас редакторы қызметін атқарды.

Журналистің әріптестері әлеуметтік желіде қаралы пост жазып, марқұмның туыстарына көңіл айтып жатыр. Дорофеевті жақсы білетін әріптестері оны өз ісін жан-тәнімен жақсы көрген кәсіби маман ретінде суреттейді.

Азаттық радиосының редакциясы Михаил Дорофеевтің туыстары мен әріптестеріне көңіл айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG