Accessibility links

Бір күнде коронавируспен 1342 науқас тіркелді. Жартысынан астамы солтүстік өңірлердің үлесінде


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

30 қаңтар күні Қазақстанда 1342 адам коронавирус инфекциясымен тіркелді. Оның 763-і солтүстік өңірлердің үлесінде.

Елдің солтүстігінде орналасқан Павлодар (252), Қостанай (102), Ақмола (201) және Солтүстік Қазақстан (96) облыстарында және солтүстікке жақын Нұр-Сұлтан (112) қалаларында тіркелген науқастар саны салыстырмалы түрде жоғары.

Алматы қаласында тәулік ішінде 115 науқас анықталған.

Оңтүстік өңірлерде және батыс Қазақстанның Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында күнделік тіркелетін науқастар саны әдеттегідей төмен деңгейде. Жамбыл облысында 24, Шымкент қаласында 15 науқас, Түркістан облысында 12, Қызылорда облысында 6, Ақтөбе облысында 18, Маңғыстау облысында 13 науқасы анықталған.

Ауруға осыған дейін шалдыққандар арасында бір күнде 867 адам жазылып шыққан.

Осылайша, індет басталғалы Қазақстанда барлығы 186 711 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталып отыр. Оның 167 914-і жазылып шыққан. 30 қаңтардағы ресми деректе вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқастар арасында 2535 адам коронавируспен қайтыс болды деп көрсетілген. Бұған коронавирус жұқтырғаны расталған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам кірмей қалған.

Қазақстан үкіметі 1 тамыздан бері коронавирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталмаған, диагнозы ауру белгілері бойынша қойылған коронавирус пневмониясының есебін жүргізіп отыр. 30 қаңтардағы дерекке қарағанда, пневмонияның бұл түрі былтырғы тамыздан бері 47 787 адамнан анықталған. Оның 566-сы қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG