Accessibility links

Мьянмада әскерилер билікті басып алды


Аун Сан Су Чжи.
Аун Сан Су Чжи.

Мьянманың ықпалды қарулы күштері ұлт лидері саналатын мемлекеттік кеңесші Аун Сан Су Чжи мен өзге де бірқатар басшыларды ұстады. Соңғы күндері елде саяси жағдай қатты ушыққан. Ықпалды әскерилер 2020 жылы қараша айында өткен парламент сайлауының бұрмаланғанын айтқаннан кейін қоғамда әскери төңкеріс жайлы сыбыс тараған.

"Демократия үшін ұлттық лига" (ДҰЛ) басқарушы партияның ресми өкілі Мио Ниюнт Рейтер агенттігіне телефон арқылы Аун Сан Су Чжи, президент Вин Мьин және партияның өзге де жетекшілері 1 ақпан ерте ұстап әкетілгенін хабарлады.

Мемлекеттік MRTV телеарнасы Facebook-тегі жазбасында "техникалық себептерге байланысты хабар тарату тоқтағанын" жазды. Ел астанасы Нейпьидомен де телефон байланысы үзілген.

Парламент сайлауының ресми нәтижесі бойынша, Аун Сан Су Чжидің "Демократия үшін ұлттық лига" партиясы 70 пайыздан астам дауыс алып, басымдықпен жеңген. Парламенттің алғашқы отырысы 1 ақпанға белгіленген еді.

Оңтүстік Шығыс Азия елін 50 жылдан астам басқарған Мьянма қарулы күштері 2015 жылы Аун Сан Су Чжи билікке келгеннен кейін де саяси және экономикалық ықпалын сақтап қалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG