Accessibility links

1362 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды


Кеден бекетінде жолаушының дене қызуын өлшеп тұрған медицина қызметкері. Көрнекі сурет.
Кеден бекетінде жолаушының дене қызуын өлшеп тұрған медицина қызметкері. Көрнекі сурет.

Қазақстанда тағы 1 280 адамға коронавирус жұққаны ПТР тестпен дәлелденген. 82 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Денсаулық сақтау министрлігінің 4 ақпан күнгі хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген. Сейсенбі күні 13 адам өлімі тіркелген: 11 адам - коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда наурыз айынан бері коронавирус жұқтырғандар 191 639 адамға жетті. 172 209-ы жазылған. Өткен тәулікте 1 110 адам айыққан. 2020 жылдың наурыз айынан бері 2 576 адам қайтыс болған.

Қазақстан билігі 2020 жылдың 1 тамызынан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек есептеп келеді. Содан бері 48 087 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. 573 адам қайтыс болған. 36 482 адам жазылған.

Өткен тәулікте коронавирус жұққаны тестпен дәлелденген науқастар саны бойынша ең жоғары көрсеткіш Павлодар облысында (230) тіркелді. Алматыда - 111, Нұр-Сұлтанда -153, Шығыс Қазақстан облысында – 63, Атырау облысында – 58, Қарағанды облысында – 80, Батыс Қазақстан облысында - 109, Солтүстік Қазақстан облысында – 70, Қостанай облысында - 85, Алматы облысында - 70, Шымкент қаласында - 9, Жамбыл облысында - 10, Түркістан облысында - 23, Маңғыстау облысында - 16, Ақтөбе облысында - 18, Қызылорда облысында 7 адамнан коронавирус анықталған.

Қазір коронавирустан 27 886 адам емделіп жатыр. 16 854-інің ПТР тесті теріс шыққан (яғни, оларға клиникалық белгілері бойынша Covid/коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған). 5 799 науқас стационарда емделіп жатыр. 259 адамның жағдайы ауыр, 57 науқастың жағдайы өте ауыр. 53 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 104 млн 340 мыңнан асты. 57 млн 939 мың адам жазылған. 2 млн 265 мың науқас қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG