Accessibility links

Навальный емделген Омбы ауруханасындағы бас дәрігерлердің бірі кенеттен қайтыс болды


Омбыдағы ауруханалардың бірі. Көрнекі сурет.
Омбыдағы ауруханалардың бірі. Көрнекі сурет.

Ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальный былтыр уланғаннан кейін жедел жәрдем көрсеткен Омбы ауруханасындағы бас дәрігерлердің бірі кенеттен қайтыс болды. 4 ақпанда аурухана мен аймақтық денсаулық сақтау басшылығы Омбыдағы №1 жедел жәрдем ауруханасының анестезиология және реанимация бөлімі жетекшісінің орынбасары Сергей Максимишиннің өзінің палатасында "кенеттен жүрегі тоқтап" қайтыс болғанын хабарлады. Дәрігер 55 жаста болған.

Былтыр тамыз айында Навальный уланған кезде саясаткер аурухананың сол реанимация бөліміне түскен. Аурухана дәрігер өлімінің себебі туралы толық ақпарат таратпады.

Дәрігердің өліміне байланысты CNN арнасына түсініктеме берген Навальный штабының аймақтық жетекшісі Леонид Волков Навальныйдың Омбыда емделу курсына Максимишиннің өзі жауапты болғанын айтқан.

44 жастағы Алексей Навальный былтыр 20 тамызда Томскіден Мәскеуге ұшып бара жатқанда кенеттен жағдайы нашарлап, комаға түскен. Ол бірден Омбыдағы №1 жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген. Екі күннен соң Германияға эвакуацияланған. Саясаткер сол жақта есін жиып, 5 ай емделді. Еуропадағы зертханалар саясаткердің ағзасынан совет кезінен бері бар адамның жүйке жүйесін сал қылатын "Новичок" тобына жататын қауіпті заттың қалдықтарын тапты.

Бастапқыда дәрігерлер Навальныйдың уланғанын мойындаған, бірақ кейінірек жоққа шығарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG