Accessibility links

Коронавирустың тәуліктегі көрсеткіші: 1 141 адам жұқтырды, 1 221-і жазылды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Өткен тәулікте (5 ақпан) Қазақстанда коронавирус инфекциясымен 1 141 адам тіркеуге алынды. Тәулік ішінде осы дерттен 5 адам көз жұмса, 1 221 адам жазылып шықты. Үкімет бөлек санаққа алған "симптомдары коронавирусқа ұқсас пневмониямен" ауырғандар санын бір күн кешіктіріп шығарады. Алдыңгүні бұл дертке шалдыққан 68 адам тіркелген, өлім-жітім болмаған.

Коронавируспен ең көп санаққа алынғандар арасында Павлодар облысы (223 адам), Нұр-Сұлтан (161 адам) қаласы, Ақмола облысы (153 адам) және Алматы қаласы (120 адам) көш бастап тұр. Қалған аймақтарда Covid жұқтырғандар саны 100-ден аспаған. Жоғарырақ көрсеткіш Қостанай (82 адам), Батыс Қазақстан (81 адам), Алматы (65 адам), Солтүстік Қазақстан (62 адам), Қарағанды (56 адам) Шығыс Қазақстан (48 адам) және Атырау (45 адам) облыстарында тіркелген.

Денсаулық сақтау министрлігі сайтындағы мәлімет бойынша, осы күні 27 200 адам короновирус инфекциясы мен соған ұқсас пневмониядан емделіп жатыр, олардың ішінде 5 684 пациент стационарда. Ресми дерекке сенсек:

  • 271 адамның жағдайы ауыр;
  • 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 47 науқас өкпені желдету аппаратында жатыр.

"Қазақпарат" агенттігінің хабарлауынша, 6 ақпандағы эпидемия ахуалын бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанда тек Ақмола және Павлодар облыстары қауіпті деген "қызыл" аймақта тұр. "Сары" аймақта Батыс Қазақстанмен қатар Нұр-Сұлтан қаласы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Атырау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары бар. Қалғандарында қауіп деңгейі төмен.

Жалпы ел бойынша былтырғы наурыздан бері коронавируспен ауырғандар саны 193 966 адамға жетті. Ал соған ұқсас пневмониямен 48 226 кісі тіркелді. Үкімет мұндай пневмония санағын былтырғы тамыздан ғана жүргізеді.

Worldometers ресурсының рейтингі бойынша, Қазақстан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде 59-орында тұр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG