Accessibility links

Үндістанда мұздық еріп, су тасқынынан кемінде 14 адам қаза болды


Уттаракханд штатында құтқарушылар тасқыннан зардап шеккендерге көмектесіп жатыр.
Уттаракханд штатында құтқарушылар тасқыннан зардап шеккендерге көмектесіп жатыр.

Үндістанда құтқарушылар Гималай тауынан мұздық құлап, соның салдарынан пайда болған су тасқыны кезінде зардап шеккендерге көмектесіп жатыр. Іздеу-құтқару операциясы жалғасып жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, кемінде 14 адам қаза болған. Мамандар олардың саны артуы мүмкін дейді.

7 ақпанда Гималай тау массивіне кіретін Нандадеви тауынан мұздық құлап, онда іркіліп қалған су төмен қарай жөңкіліп, төменгі жақта өзенде салынып жатқан екі гидроэлектр станциясын бұзып өткен. Құрылыс алаңында істеген жұмысшылардың басым бөлігі жоғалған. Төтенше жағдай жөніндегі орталық құрылыс алаңында 170 жұмысшының болғанын айтты. Сел сонымен бірге Дейолиганга және Алакананда өзені бойындағы үйлер мен көпірлерді қиратқан.

Премьер-министр Нарендра Моди Туиттерде “ұлтымыз олардың амандығы үшін дұға етеді” деп мәлімдеді. Ол қаза болғандардың туыстарына қаржылай көмек беруге уәде берді.

Сарапшылар тау массивінен ірі мұздықтың бөлінуіне ауа райының жылынуы әсер еткен деп болжайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG