Accessibility links

Қытай консулдығы алдында пикет өткізген Байболат Күнболатұлы 10 күнге қамалды


“Қытай түрмесінде отырған” інісінің босатылуын талап етіп, Алматыдағы Қытай консулдығына келген Байболат Күнболатұлы. 1 ақпан 2021 жыл.
“Қытай түрмесінде отырған” інісінің босатылуын талап етіп, Алматыдағы Қытай консулдығына келген Байболат Күнболатұлы. 1 ақпан 2021 жыл.

Қытайдың Алматыдағы консулдығы алдында пикет өткізген белсенді Байболат Күнболатұлы 10 күнге қамалды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының шығарған шешімінде Күнболатұлының 9 ақпанда Қытай консулдығы алдында "заңсыз пикетке шығып, рұқсат етілмеген заңсыз іс жасағаны" жазылған. Онда Әкімшілік кодекстің 488-бап 6-тармағы бойынша ("Бейбіт жиын өткізу тәртібі") айып тағылған Күнболатұлының кінәсін "ішінара мойындағаны" да көрсетілген.

Осы аптада Қытай консулдығы алдында бірнеше адам Шыңжаңда қалған туыстарына іздеу салып, екі күн акция өткізген еді. Солардың бірі Байболат Күнболатұлы Қытайда қамалған інісінің өлі-тірісін біле алмай отырғанын айтып, бауыры туралы ақпаратты талап еткен.

Видео: "Баламды көріп өлсем арманым жоқ". Қытай консулдығы алдындағы наразылық (9 ақпан 2021 жыл).

"Баламды көріп өлсем арманым жоқ". Қытай консулдығы алдындағы наразылық
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:56 0:00

Куәгерлердің айтуынша, 9 ақпанда полиция Күнболатұлын акциядан келген бетте кешке қарай үйінен ұстап әкеткен. Акцияға қатысқан басқа адамдардың ұсталғаны жайлы ақпарат жоқ.

Кейінгі кезде Шыңжаңдағы туыстарын іздеген азаматтар Қытай консулдығы алдында жиі пикет өткізіп жүр. Олардың бірі туыстарының Қытайда "негізсіз айыптармен" ұзақ жылға сотталғанын айтса, бірі Қытай билігінің құжаттарын тартып алып, Қазақстанға жібермей жатқанын айтқан. Олар Қазақстан сыртқы істер министрлігінен "Қытайда қамалғандар - Пекиннің ішкі ісі, оған араласа алмаймыз" деген жауап алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG