Accessibility links

Twitter Трамп аккаунтын өмірбақи бұғаттағанын растады


АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп. Флорида штаты, 20 қаңтар 2021 жыл.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп. Флорида штаты, 20 қаңтар 2021 жыл.

Twitter АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың аккаунтын өмірбақи бұғаттағанын растады. Енді Трамп президент сайлауына қайта түскісі келсе де, тіпті жеңсе де аккаунтын қайтара алмайды. Бұл туралы сәрсенбі күні CNBC арнасына берген сұхбатында әлеуметтік желінің қаржы директоры Нед Сигал хабарлады.

Ол күш қолдануға тыйым салатын барлық азаматқа ортақ Twitter ережелерін еске салды. Трамп импичментіне байланысты сенатта тыңдаулар өтіп жатқан тұста осындай мәлімдеме жасалды. Ақ үйдің бұрынғы жетекшісі жақтастарын 6 қаңтар күні Капитолий ғимаратына шабуыл жасауға итермеледі деп айыпталып отыр.

Трампты кінәлі деп тану үшін сенаттың үштен екісінің дауысы яғни, 100 сенатордың кемінде 67-сі бұрынғы президентке импичмент жариялауды қолдап дауыс беруі тиіс. Сарапшылар конгресмен-республикашылдардың позициясына байланысты бұлай болуы екіталай деп санайды. Егер бұрынғы президент ақталып шықса, ол келесі сайлауда кандидатурасын ұсына алады.

10 ақпанда Джорджия штаты прокуратурасының бұрынғы президент Трампқа қатысты тергеу амалдарын жүргізе бастағаны белгілі болды. Прокурорлар Дональд Трамп 3 қарашада өткен президент сайлауының нәтижесін жоюға тырысты деген ақпаратты тексереді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG