Accessibility links

Елде тағы мыңға жуық адам Covid індетіне шалдықты. 244 науқастың жағдайы ауыр


Қазақстанда кеше, 12 ақпанда 920 адамның анализінен коронавирус анықталды. Тағы 76 адам Covid індетіне ұқсас белгілері бар пневмонияға шалдықты.

Қазір елде 248 мыңнан аса адамнан Covid дерті анықталған. Бұл статистикаға анализінен коронавирус анықталған және тесті теріс, бірақ Covid індетіне ұқсас пневмонияға шалдыққандар да енген. Барлығы 220 мыңнан аса науқас дерттен айықса, 3100-ден аса адам қайтыс болды.

Қазақстан билігі 2020 жылдың 1 тамызынан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек есептеп келеді.

Қазір елде коронавирустан 24 200 адам емделіп жатыр. 5 230 науқас стационарда. 244 адамның жағдайы ауыр, 46 науқастың жағдайы өте ауыр. 41 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Коронавирустың тарауы бойынша Павлодар мен Ақмола облыстары "қызыл аймақта" қалды. Нұр-Сұлтан қаласы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облысы – "сары аймақта". Қалғаны – "жасыл аймақта".

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 108 миллионнан асты. 60 млн 587 мың адам жазылған. 2 млн 382 мың науқас қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG