Accessibility links

Беларусь милициясы 19 шаңғышыны ұстады. Орманда рұқсатсыз митинг өткізді деген айып тағылып отыр


Көрнекі сурет.

Жексенбі, 14 ақпан күні Минск облысы Молодечно қаласында милиция қызметкерлері бір топ шаңғышыны ұстап әкетті. Беларусь ішкі істер министрлігі олардың билік рұқсатынсыз митинг өткізгенін хабарлады.

Министрліктің мәлімдеуінше, 19 адамнан тұратын топ "шаңғы тебуді сылтауратып" рұқсатсыз митинг өткізген. Тінту кезінде олардан ақ-қызыл-ақ түсті жалау, қолшатыр және өзге де заттар табылған.

Ішкі істер министрлігі ұстау кезінде екі ер кісінің қарсылық танытқанын, олардың біреуі мас болғанын айтты.

"Іс-шараның белсенді қатысушылары – 11 әйел және 8 еркек – ұсталып, істің мән-жайын анықтау үшін аудандық бөлімге жеткізілді. Әкімшілік процесс басталды" делінген министрлік хабарламасында.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG