Accessibility links

Коронавирус дерегі: 692 науқас, 8 өлім тіркелді


16 ақпан күні Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі ПТР тестімен расталған коронавируспен 686 науқас, 6 өлім, коронавирус пневмониясымен 6 науқас, 2 өлім тіркелгенін хабарлады. ПТР тестімен расталған науқастардың дерегі 15 ақпан үшін, коронавирус пневмониясы дерегі 14 ақпан үшін беріліп отыр.

ПТР тестімен расталған коронавирус науқастарының аймақтар бойынша саны мынадай:

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 23884 (+53 науқас жаңадан қосылды),
  • Алматы қаласында – 23745 (+107),
  • Шығыс Қазақстан облысында – 21252 (+85),
  • Атырау облысында – 16736 (+25),
  • Павлодар облысында – 16411 (+80),
  • Қарағанды облысында – 14778 (+30),
  • Ақмола облысында – 12709 (+72),
  • Батыс Қазақстан облысында – 12171 (+47),
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 11882 (+37),
  • Қостанай облысында – 11506 (+71),
  • Алматы облысында – 10180 (+49),
  • Шымкент қаласында – 6016 (+7),
  • Жамбыл облысында – 5772 (+8),
  • Түркістан облысында – 4219 (+4),
  • Маңғыстау облысында – 4165 (+3),
  • Ақтөбе облысында – 4102 (+4),
  • Қызылорда облысында – 3731 (+4).

Осылайша, ПТР тестімен расталған коронавирус науқастарының жалпы саны 203 259 адамға жетіп отыр. Ресми дерек бойынша, оның 2652-сі коронавирус ауруынан қайтыс болған. Бұл статистикаға коронавирус жұқтырғаны расталған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам кірмей қалған.

Қазақстан үкіметі ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткен, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмония есебін 1 тамыздан бастап жүргізіп келеді. Содан бері пневмонияның бұл түрімен барлығы 48 700 науқас тіркелген. Оның 602-сі қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, қазір барлығы 22 733 адам емделіп жатыр. Оның 5090-ы стационарда, 17 643-і амбулаториялық бақылауда. 255 науқастың жағдайы ауыр, 47 науқастың жағдайы өте ауыр. 38 науқас өкпені желдету аппаратына қосылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG