Accessibility links

Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы дүниеден өтті


Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы.
Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы.

Қазақ телевизиясының ардагер журналисі Нұртілеу Иманғалиұлы 69 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Бұл туралы "Қазақстан" телеарнасы Facebook парақшасында жариялады.

Нұртілеу Иманғалиұлы 1952 жылы 14 мамырда Алматы облысы Ақсу ауданы Қарасу ауылында дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) журналистика мамандығы бойынша тәмамдап, қазақ телевизиясында түрлі қызметтерді атқарған.

Журналист әр жылдары "Құрдастар", "Жастар дауысы", "Арай", "Жадыңда ма, жолдас", "Айна", "Жас жігер","Бетпе-бет", "Қолтаңба", "Діңгек", "Көршілер", "Заң сөйлесін", "Nur-Tiley" дейтін телебағдарламаларды жүргізген.

2003-2006 жылдары Үкімет кеңсесінде, одан кейін президент әкімшілігінде жұмыс істеген. 2006-2007 жылдары "Қазақстан" телерадиокорпорациясын басқарған.

Журналисті жақын танитын адамдар Азаттыққа оның ауыр сырқаттан қайтыс болғанын айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG