Accessibility links

Жабылып жатқан Tengri Bank-тің бұрынғы басшысы ұсталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айырылған Tengri Bank акционерлік қоғамының бұрынғы ұсталды. Бұл туралы Қазақстанның қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

Агенттіктің хабарлауынша, Ержан Шайкенов 16 ақпан күні ұсталған. Банктің бұрынғы басшысына қандай айып тағылғаны айтылмады. Агенттік хабарламасында "өзге ақпарат тергеу құпиялылығына байланысты жарияланбайды" делінген.

Былтыр қыркүйекте Қазақстан қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Tengri Bank құқықбұзушылыққа жүйелі түрде жол берді, "акционерлер мен менеджерлердің әрекеті" банктегі қаржы ахуалының нашарлауына әкелді деп оны лицензиясынан айыру туралы шешім шығарды.

Қараша айында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық соты Tengri Bank акционерлік қоғамын жабу туралы шешім шығарған. Шешім күшіне 2021 жылғы 15 ақпанда енген.

Жыл басында Қаржы мониторингі агенттігі Tengri Bank әкімшілік-шаруашылық департаментінің бұрынғы директоры Алмас Бақытовқа іздеу салды.

Қараша айында банктен ақша жымқыру ісі бойынша бұрынғы басқарма төрағасы Бақтияр Ильясов пен Алматы филиалы директорының бұрынғы орынбасары Әсет Жадықов ұсталған.

Қазақстанда 25 екінші деңгейлі банк бар. Осы айда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі AsiaCredit Bank акционерлік қоғамының да лицензиясын тартып алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG