Accessibility links

Тәжікстанда блогерлерді 1 сәуірге дейін салық органында тіркелуге міндеттеді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Тәжістанда блогерлерді биылғы 1 сәуірге дейін салық органында тіркелуге міндеттеді деп хабарлайды Азаттықтың Тәжік қызметі.

Тәжістан салық комитеті басқармасының бастығы Шамсулло Кабирзода салық органдарына интернетте 3 млн – 19 млн аралығында қолданушы жазылған 29 парақша бары мәлім деп хабарлады. Оның сөзінше, осы парақшаларға иелік ететін блогерлер әлеуметтік желілер мен YouTube видеохостингінен түскен кіріске салық төлеуі тиіс. Әйтпесе олар заң алдында жауап береді деп ескертті шенеунік.

"Бұл блогерлерге ғана емес, басқа да жеке тұлғаларға қатысты. Егер қателеспесем, қазіргі кезде төрт блогер салық органына кәсіпкер ретінде тіркелген" деді салық комитеті өкілі.

Кабирзода салық комитеті кейбір блогерлерді шақырып, әңгімелескенін айтты.

"Олар өз парақшасында ірі компаниялардың тауары мен бұйымдарын" жарнамалап, ақша тауып отыр. Сондықтан салық төлеуі тиіс" деп санайды шенеунік.

Салық органдары өзі жасаған тізімге танымал тәжік блогерлері Бехруз Зеваров, Рафаел Гулов, Орзу Исоев, Диловар Сафаров және әншілер Шабнами Сурайё, Фарзонаи Хуршед, Нигина Амонкулова мен Зулайхо Махмадшоеваны енгізген.

Салық комитетінің дерегінше, YouTube-тегі ең танымал Tamoshow каналына 867 мың қолданушы жазылған, ондағы видеолар 430 миллион рет көрілген.

Тәжікстан блогерлері өздерінің табысы азғантай екенін, салық төлеуге шамасы келмейтіндіктен әлеуметтік желілердегі парақшаларын жабуға мәжбүр болатыны айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG